Корпоративная
жизнь

Корпоративтік
өмір

О банке

Банк туралы

Социальная
ответственность

Әлеуметтік
жауапкершілік

Привилегии

Артықшылықтар

Истории успеха

Жетістік тарихтары

О банке Социальная ответственность Привилегии Истории успеха Корпоративная жизнь

О банке

Банк туралы

Создание Құрылуы

Банк был основан в августе 1992 г. в Атырау, в 2003 году перебазировался в Алматы.

Банк 1992 жылдың тамызында Атырау қаласында құрылып, 2003 жылы Алматы қаласына көшірілді.

Миссия Миссия

Успешное развитие наших клиентов через предоставление высококачественных финансовых услуг и использование различных каналов продаж.

Жоғары сапалы қаржы қызметтерін көрсету және түрлі сатылым арналары арқылы клиенттеріміздің жан-жақты дамуына жол ашу.

Видение Келешектегі
орнымыз

Все клиенты банка - как частные лица, так и крупнейшие корпорации - всегда могут рассчитывать на получение высококачественных финансовых услуг через различные каналы продаж.

Банктің барлық клиенттері - жеке тұлғалар, сондай-ақ ірі корпорациялар сатылымның түрлі арналары арқылы жоғары сапалы қаржылық қызметтер алатындығына әрдайым сенімді бола алады.

Цели Мақсаттар

Мы стремимся достичь высокого уровня рентабельности на долгосрочной основе и внести существенный вклад в развитие и процветание нашей страны.

Біз ұзақ мерзімді негізде табыстылықтың жоғары деңгейіне жетуге және еліміздің дамуы мен гүлденуіне едәуір үлес қосуға ұмтыламыз.

Наши
ценности
Біздің
құндылықтар

Профессионализм Мы - команда профессионалов. Мы добиваемся результата благодаря нашему опыту, знаниям и увлеченности.

Кәсіпқойлық Біз – кәсіпқой командамыз. Біз тәжірибеміздің, біліміміз бен ісімізге берілгендігіміздің арқасында нәтижеге қол жеткіземіз.

Партнерство Мы обеспечиваем равноправные взаимовыгодные отношения между сторонами, каждая из которых при этом сохраняет свою независимость и самостоятельность.

Серіктестік Біз тараптардың арасында тең құқылы өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз етеміз, бұл ретте тараптардың әрқайсысы өзінің еркіндігі мен дербестігін сақтап қалады.

Доходность Даже в период кризиса деятельность банка прибыльна, что свидетельствует о высокой степени эффективности использования материальных, трудовых и денежных ресурсов.

Табыстылық Тіпті дағдарыс кезеңінде де банк қызметі табысты, бұл материалдық, еңбек және ақша ресурстарының жоғары деңгейде пайдаланылып жатқандығына куә бола алады.

Технологичность Мы внедряем новые технологии в обслуживании и менеджменте, максимально автоматизируем продуктовый ряд банка.

Технологиялылық Біз қызмет көрсетуде, менеджементте жаңа технологиялар енгіземіз, банктің өнім қатарын барынша автоматтандырамыз.

Доступность Наша сеть офисов, технологии дистанционного банковского обслуживания обеспечивают доступность услуг банка для всех категорий клиентов независимо от их местонахождения.

Қолжетімділік Біздің кеңселер желісі, қашықтан банктік қызмет көрсету технологиялары клиенттердің барлық санаттарына арналған, олардың қай жерде орналасқанына қарамастан,банк қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Социальная ответственность

Әлеуметтік жауапкершілік

Присутствуя на рынке финансовых услуг и продуктов Казахстана 25 лет, Нурбанк всегда обращал самое пристальное внимание оказанию спонсорской и благотворительной помощи.

Қазақстандық қаржы қызметтері мен өнімдерінің нарығына 25 жылдан бері қатысып келе жатқан Нұрбанк әрдайым демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге ерекше назар аударады.

Банком за время его существования реализовано более 1000 благотворительных программ. Руководство банка всегда активно откликается на запросы по поддержке социальных проектов.

Банк өз қызметі барысында 1000-нан астам қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды. Банк басшылығы әлеуметтік жобаларды қолдауға қатысты мәселелерге әрдайым белсенді түрде қатысады.

Мы не боимся трудностей, с радостью и энтузиазмом беремся за самые амбициозные проекты и гордимся своими успехами.

Біз қиындықтардан қорықпаймыз, ең өршіл жобаларға қуана, құлшына кірісеміз және өз табысымызбен мақтанамыз.

Путевка в жизнь В 2014 году запущена социальная программа республиканского масштаба «Путевка в жизнь» от Нурбанка и Каспийского университета. Благодаря «Путёвке в жизнь», 27 выпускников детских учреждений со всего Казахстана поступили в Каспийский университет. АО «Нурбанк» совместно с Каспийским университетом взяли на себя расходы по оплате обучения и выплате ежемесячных стипендий.

Келешекке жолдама 2014 жылы Нұрбанк пен Каспий университеті республикалық көлемдегі «Келешекке жолдама» әлеуметтік бағдарламасын іске қосты. «Келешекке жолдама» бағдарламасының арқасында Қазақстандағы балалар мекемелерінің 27 түлегі Каспий университетіне оқуға қабылданды. «Нұрбанк» АҚ Каспий университетімен бірлесіп, оқуақысы мен ай сайынғы шәкіртақы төлеу бойынша шығындарды өз мойындарына алды.

Помощь ветеранам ВОВ и труженикам тыла Банк активно поддерживает ветеранов Великой Отечественной войны и тружеников тыла. Ежегодно Нурбанк оказывает адресную помощь, перечисляя денежные средства и помогая продуктами, а инициативные группы сотрудников филиалов навещают фронтовиков.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек Банк Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне белсенді түрде қолдау көрсетеді. Нұрбанк жыл сайын ақшалай қаражат аудару және азық-түлікпен көмектесу арқылы атаулы көмек көрсетеді, ал филиалдар қызметкерлерінің бастамашыл топтары майдангерлердің хал-жайларын біліп отырады.

Выставка прикладного искусства Во Французском Доме в 2013 году была организована уникальная Выставка прикладного искусства, включающая в себя древнейшие экспонаты прошлых веков. Коллекция включает ювелирные украшения 18-20 вв., ковры ручной работы начала 20 в., предметы быта – кувшины, кумганы, самовары, из меди и латуни 19-20 вв., холодное оружие, конское снаряжение и др. Самый древний экспонат из предметов обихода – мерная кружка 1748 г., самый необычный – серебряная зубочистка-ухочистка со вставкой из рубина, принадлежавшая Абылай хану.

Қолданбалы өнер көрмесі 2013 жылы Француз Үйінде өткен ғасырлардың көне жәдігерлерін енгізген бірегей Қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылған болатын. Жинақтамаға 18-20ғғ. зергерлік әшекейлер, 20ғ. басында қолдан жасалған кілемдер, тұрмыстық заттар – 19-20 ғасырларда мыс пен жезден жасалған құмыралар, құмғандар, самаурындар, қылыш, қанжар, ат әбзелдері және т.б. Керек-жарақтардан ең көне жәдігер – 1748 жылғы өлшеуіш саптыаяқ, ең ерекшесі – Абылай ханға тиесілі болған, лағыл ендірмесімен күмістен жасалған тіс тазартқыш-құлақ тазартқыш.

Привилегии

Артықшылықтар

Нурбанк стремится стать лучшим работодателем на рынке труда
в своей отрасли и предлагает своим сотрудникам ряд разнообразных льгот и привилегий: 
Нұрбанк өз саласындағы еңбек нарығында ең жақсы жұмыс беруші болуға ұмтылуда және ол өз
жұмыскерлеріне төмендегідей әртүрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынады: 

Сотрудники банка имеют возможность заниматься спортом в лучших фитнес-клубах на льготных условиях (скидка от наших партнеров и возможность оплаты в рассрочку).

Банк жұмыскерлері жеңілдетілген шарттармен (серіктестеріміз берген жеңілдіктер және төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігі) ең үздік деген фитнес-клубтарда спортпен айналысуларына мүмкіндіктері бар.

Наши сотрудники имеют возможность приобрести продукцию компаний-партнеров банка по льготным ценам (Французский Дом, Бьютимания, Imperial Home, Аксай-нан, Гелиос, Oil Real Estate, Caspian Food и др.)

Біздің жұмыскерлеріміз банктің серіктес-компанияларының (Француз Үйі, Бьютимания, ImperialHome, Ақсай-нан, Гелиос, OilRealEstate, CaspianFoodж.б.) өнімдерін жеңілдетілген бағада сатып ала алады.

Непрерывное образование и развитие нашего персонала является частью личного и профессионального совершенства и поддержка в обучении. Для сотрудников Нурбанка имеется возможность обучения по программе MBA, авторские курсы в Каспийском Общественном Университете на льготных условиях (скидка 20% и возможность оплаты в рассрочку, Международный сертификат от престижной французской бизнес-школы ESCRennes SchoolofBusiness, выездной модуль во Францию, Германию). А также скидка на обучение для родственников сотрудников.

Қызметкерлеріміздің білімін көтеру мен біліктілігін арттыру біздің міндетіміз болып табылады және біз білімін көтергісі келген кез-келген жұмыскерімізге қолдау көрсетеміз. Нұрбанк жұмыскерлері MBA бағдарламасында, Каспий Қоғамдық Университетінің авторлық курстарында өз білімдерін жеңілдетілген шарттармен (20% жеңілдік пен мерзімін ұзартып төлеу мүмкіндігі қарастырылған, ESCRennes SchoolofBusiness беделді француз бизнес мектебінің халықаралық сертификаты, Францияға, Германияға сапар модулі) жетілдіре алады. Жұмыскерлердің туыстарына да ақысы жеңілдетілген білім алу қарастырылған.

Тренинги, семинары, обучающие курсы по специализации работы.

Мамандандыруға байланысты тренингтер, семинарлар, білім курстары қарастырылған.

В нашем банке есть специальные продукты и услуги по кредитованию. Почти все сотрудники банка могут взять кредит на льготных условиях. 

Біздің банкте кредиттеу бойынша өнімдер мен қызметтер бар. Банктің кез-келген жұмыскері жеңілдетілген шарттармен кредит ала алады.

Ежегодно мы пополняем список льгот и привилегий новыми возможностями для сотрудников, делая их не только
более разнообразными, но и постоянно повышая их качество посредством отбора лучших решений в данной области.
Біз жыл сайын жұмыскерлерімізге арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар тізімін бұрынғыға қарағанда әралуан және де осы саладағы ең үздік жетістіктерді жинақтау арқылы сапасы да арта түскен жаңа мүмкіндіктермен толықтырып отырамыз.

Истории успеха

Жетістік тарихтары

Кусаинова Макбал, заместитель директора филиала г.Алматы Кусаинова Макбал, Алматы қ. филиалы директорының орынбасары

«Нурбанк для меня – это новая волна жизни.

«Мен үшін Нұрбанк – өмірдің жаңа толқыны.

Моя карьера в банке началась в 2014 году с должности Главного специалиста Отдела товарного кредитования в Департаменте розничного бизнеса.

Банктегі мансабым 2014 жылы Бөлшек сауда бизнесі департаментінің Тауарлық кредиттеу бөлімінде бас маман лауазымынан басталды.

Приобретенные знания, новый опыт в работе, трудолюбие и трепетное отношение к работе позволили мне занять руководящую позицию. Новая должность открыла для меня новые горизонты и возможности: работать в совершенно ином ключе, получать знания более опытных руководителей. Я смогла посмотреть на рабочие моменты под другим углом, изнутри и со стороны руководства, и это бесценный опыт.

Алған білім, жұмыстағы жаңа тәжірибе, еңбекқорлық пен жұмысқа сүйіспеншілік маған басшы позициясын алуға мүмкіндік берді. Жаңа лауазым маған жаңа көкжиектер мен мүмкіншіліктер ашты: басқа тәртіпте жұмыс істеу, тәжірибелі басшылардан білім алу. Мен жұмыс барысын ішінен де, басшылық жағынан да көре алдым, бұл өте құнды тәжірибе.

Сейчас продолжаю развиваться, все также много работаю и не теряю интерес к работе. Если Вы хотите стать частью нашей команды, то надо помнить, что успех не приходит внезапно, всегда надо делать больше, чем требуется, работать над собой, верить в себя.»

Қазіргі кезде тәжірибемді толықтыру үстіндемін, әлі де көп жұмыс істеп, жұмысқа деген қызығушылықты жоғалтпадым. Егер сіз командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе, жетістік күтпеген жерден келмейтіндігін есте сақтаңыз, талап етілетін көлемнен артығын жасау, өз біліміңізді арттыру қажет, өзіңізге сенімді болыңыз.»

Спиридонова Татьяна, заместитель директора по КБ и МСБ филиала в г. Караганда Спиридонова Татьяна, Қарағанды қ. филиалы директорының КБ және ШОБ жөніндегі орынбасары

«Моя карьера в банковской сфере началась в 1992 году. В Карагандинском филиале АО «Нурбанк» я работаю со дня его основания, устроившись на должность кредитного менеджера в декабре 1999 года. Я была молода, амбициозна, полна энергии и сил, работа ладилась и приносила удовольствие, т.к. работала в замечательном дружном коллективе. Как и многие молодые специалисты, мечтала добиться новых высот в профессиональной деятельности. Благодаря моему трудолюбию, целеустремленности, ответственности и, главное, веры в себя, мне это удалось: от кредитного менеджера я выросла вместе с филиалом до заместителя директора по КБ и МСБ.

«Менің банк саласындағы мансабым 1992 жылы басталды. «Нұрбанк» АҚ-ның Қарағанды қ. филиалының негізі қаланған күннен бастап жұмыс істеп келемін. 1999 жылдың желтоқсанында кредиттік менеджер лауазымына қабылдандым. Жас, өршіл едім, күш-қуатым тасып тұрды, жұмысым жүріп, көңілім көтеріңкі болды, өйткені ынтымақты керемет ұжымда жұмыс істедім. Көптеген жас мамандар сияқты кәсіптік қызметте жаңа шыңдарға қол жеткізуді армандадым. Еңбекқорлығымның, мақсаткерлігімнің, жауапкершілігімнің және ең бастысы өзіме сенімділігімнің арқасында мен өз дегеніме жеттім: кредиттік менеджерден директордың КБ және ШОБ жөніндегі орынбасарына дейін көтерілдім.

Мой секрет успеха прост: я верю в себя, в свою команду, каждый день с улыбкой иду на работу и отлично делаю то, что мне нравится!

Жетістігімнің құпиясы жоқ: мен өзіме, өз командама сенемін, күнделікті көтеріңкі көңіл күймен жұмысқа барып, ұнайтын жұмысымды жасаймын.

Молодым сотрудникам, желающим построить свою карьеру и стать частью команды Нурбанка, хочется пожелать быть ответственными, инициативными, постоянно развивающимися. Будьте уверенными в своих силах, всегда отвечайте за результат своей работы и всё у вас обязательно получится!»

Өз мансабын жасап, Нұрбанк командасының бір бөлігі болғысы келетін жас қызметкерлерге жауапты, ынталы болуларын, үнемі білімдерін арттырғанын тілеймін. Өз күшіңізге сенімді болыңыз, әрдайым жұмысыңыздың нәтижесіне жауапты болыңыз, сізде міндетті түрде бәрі дұрыс болады.»

Таипов Камиль, начальник Управления залогового обеспечения Таипов Камиль, Кепілзаттық қамтама басқармасының бастығы

«В Нурбанк я пришел в 2004 году на позицию рядового специалиста в Отдел оценки. Это был мой первый опыт работы в банковском секторе. С опытом приходило понимание, что работа здесь требует самоотдачи и постоянного самосовершенствования. А для того, чтобы стать руководителем, необходимо ставить перед собой высокие цели и работать еще больше. Благодаря окружающему коллективу, сложившемуся из сильных специалистов, а также благодаря опытному руководителю мне удалось накопить необходимый багаж знаний и пройти этапы от специалиста до руководителя службы по работе с залоговым обеспечением.

«Мен Нұрбанкке 2004 жылы Бағалау бөлімінің маманы болып қабылдандым. Бұл менің банк секторында бірінші жұмыс тәжірибем болатын. Тәжірибе алумен қатар жұмыс жан-тәнімен берілу мен өзін-өзі кемелдендіруді талап ететіндігін түсіндім. Ал бастық болу үшін алдыңа биік мақсаттар қойып, көп жұмыс істеу қажет. Күшті мамандардан құралған ұжымның арқасында, сондай-ақ тәжірибесі мол бастықтың арқасында мен қажетті білім жинақтап, маманнан қамтама кепілмен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығына дейін кезеңдерден өттім.

И сегодня я могу сказать, что мне повезло стать членом команды квалифицированных, ответственных единомышленников. Я считаю, что задача руководителя - избегать чрезмерной опеки подчинённых, всячески поддерживать инициативу, уметь брать ответственность на себя, развивать профессиональную компетенцию и видеть прогресс команды.»

Бүгін мен білікті, жауапты ниеттес адамдар командасының мүшесі болғаныма бақыттымын деп айта аламын. Бастықтың міндеті - бағыныштыларға шамадан тыс қамқорлық танытудан аулақ болу, бастаманы барынша қолдау, жауапкершілікті өзіне ала білу, кәсіптік құзыретті жетілдіру және команданың жетістіктеріне куә болу деп есептеймін.»

Асанова Айнур, начальник Центра банковского обслуживания «Актобе» Асанова Айнур, «Ақтөбе» Банктік қызмет көрсету орталығының бастығы

«Моя карьера в банке началась в 2002 году с должности кассира. В 2002 году я заканчивала университет и хотела найти работу в банковской сфере согласно полученной мною профессии. Предложений на рынке труда было много, но предложение Нурбанка заинтересовала меня больше всего. Когда я пришла на собеседование, то услышала много интересного о компании, которая привлекла меня какой-то необычной «домашней атмосферой» и мне захотелось окунуться в эту атмосферу полностью. Так и началась моя карьера в Нурбанке. Уже через 6 месяцев  я получила возможность стать менеджером операционного обслуживания по работе с клиентами, а через 3 года, в 2006, я прошла конкурс на позицию начальника Центра банковского обслуживания.

«Менің банктегі мансабым 2002 жылы кассир лауазымынан басталды. 2002 жылы мен университетті бітіріп, алған кәсібіме сәйкес банк саласында жұмыс тапқым келді. Еңбек нарығында ұсыныстар көп болды, бірақ Нұрбанктің ұсынысы мені өте қызықтырды. Бетпе-бет тілдесуге келгенде мені өзіне ерекше «үй атмосферасымен» тартқан компания жайлы көптеген қызық мәліметтерді естіп, осы ортаға кіргім келді. Осылайша менің Нұрбанктегі мансабым басталды. Небары 6 айдан кейін мен клиенттермен жұмыс жөніндегі операциялық қызмет көрсету менеджері болу мүмкіндігін алдым, ал 3 жылдан кейін 2006 жылы мен Банктік қызмет көрсету орталығының бастығы лауазымына конкурстан өттім.

Сейчас продолжаю развиваться, все также много работаю и не теряю интерес к работе. Коллегам с небольшим опытом работы хочется пожелать максимально проявлять себя, впитывать и принимать опыт работы - Ваш успех напрямую зависит от успеха Нурбанка, как и успех Нурбанка зависит от Вас!»

Қазіргі кезде тәжірибемді толықтыру үстіндемін, әлі де көп жұмыс істеп, жұмысқа деген қызығушылықты жоғалтпадым. Жұмыс тәжірибесі көп емес әріптестер өздерін жан-жақты көрсетіп, жұмыс тәжірибесін бойына сіңіруін және қолдануын қалаймын - Сіздің жетістігіңіз Нұрбанктің жетістігіне байланысты, сондай-ақ Нұрбанктің жетістігі де Сізге байланысты.»

Мамонтов Денис, директор филиала в г. Алматы Мамонтов Денис, Алматы қ. филиалының директоры

«В Нурбанк я пришел в 2013 году, 7 октября на позицию начальника Управления проблемных кредитов. У меня не было цели добиться карьерного роста и стать руководителем целого филиала.

«Нұрбанкке мен 2013 жылғы 7 қазанда Проблемалы кредиттер басқармасының бастығы лауазымына қабылдандым. Менде мансабымның жоғарылауына қол жеткізіп, филиал бастығы болу деген мақсат болған емес.

Однако, работая в команде, которая стала частью моей семьи и, имея достойнейших наставников, передо мной открылись новые горизонты, которые в свою очередь предоставляют мне возможность мобилизовать и воплотить в жизнь все мои знания, идеи и опыт для достижения нашей, общей цели.

Алайда, менің отбасымның бір бөлігі болып кеткен команда жұмыс істеуім және беделді тәлімгерлердің болуынан менің алдымда жаңа мүмкіншіліктер ашылды, олар өз алдына біздің, ортақ мақсаттарымызға қол жеткізу үшін маған бар білімімді, идеялар мен тәжірибемді жұмылдыруға және іске асыруға мүмкіндік береді

Считаю, чтобы быть успешным, прежде всего, нужно быть инициативным, активным. Когда эти качества совпадают еще с тем, что работа приносит удовольствие, ты будешь делать максимум, чтобы достичь результата и успеха. Любимая работа – это очень важно. Если работа нравится - появляется стремление.»

Жетістікке жету үшін алдымен ынталы, белсенді болу қажет деп есептеймін. Осы қасиеттер жұмысқа деген сүйіспеншілікпен сәйкес келсе, нәтиже мен жетістікке қол жеткізу үшін сен барлығын жасайсың. Ең маңыздысы – жақсы көретін жұмысыңның болғаны. Жұмыс ұнайтын болса – талпыныс та болады.»

Корпоративная жизнь

Корпоративтік өмір

Автор фото Bakayenko Andrey

В основу нашей корпоративной этики положено уважение к семейным, традиционным и культурным ценностям! Жизнь в Нурбанке «бьет ключом». У нас уже сложились милые традиции, которые мы стараемся соблюдать. Наши любимые корпоративные праздники – это Новый год, Наурыз, День рождения банка и др.

Корпоративтік этикамыздың негізін отбасылық, дәстүрлік және мәдени құндылықтарды сыйлау құрайды! Нұрбанктегі өмір өзендей тасуда. Біз сақтайтын дәстүрлеріміз де қалыптасты. Біз жақсы көретін корпоративтік мерекелер – Жаңа жыл, Наурыз, Банктің туған күні және т.б.

Нам не всё равно, кто ты и чем живешь!

Сіздің қандай адам және қалай өмір сүріп отырғаныңыз бізге бәрібір емес!

Мы делаем тебя частью нашей жизни и становимся частью твоей и прикладываем все усилия, чтобы с нами ты увидел все краски этой жизни. Ведь жизнь - это не только работа, жизнь - это еще и люди, которые тебя окружают и эмоции, которые ты испытываешь.

Сізді тірлігіміздің бір бөлігі санаймыз және өміріңіздің бір бөлігі боламыз, осы өмірдің алуан түрлілігін бізбен көрсін деп, бар күшімізді саламыз. Өмір - ол жұмыс қана емес, өмір - ол сонымен қатар сізді қоршаған адамдар және сіз сезінетін эмоциялар.

Посмотрите, как живет Нурбанк - заряжайся позитивным настроением и присоединяйся к нам!

Нұрбанктің өмірін көріңіз, көтеріңкі көңіл-күй жинап, бізге қосылыңыз!

Вакансии компании «Нурбанк, АО»  

Вакансии в других регионах:54

Еще
 
Произошла ошибка.
Еще
 
Произошла ошибка.
Еще
 
Произошла ошибка.
Еще
 
Произошла ошибка.
Еще
 
Произошла ошибка.